Елімізде ағылшын тілінде өтетін пәндерді «Болашақтың» түлектері оқытады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ағылшын тілінде өтетін пәндерді  «Болашақтың» түлектері оқытады

Елімізде ағылшын тілінде өтетін пәндерді «Болашақтың» түлектері оқытады

«Болашақ» бағдарламасының түлектеріне жұмыс табылды.  Енді еліміздің мектептерінде ең қиын физика, химия пәндері бірыңғай ағылшын тілінде оқытылмақ. Әзір емес, тек 8 жылдан соң. Соған сәйкес, үш тілде білім беру жүйесі 2023 жылдан бастап енгізілгелі жатыр.

  • 26 Қараша 2015
  • 224
Фото - Caravan.kz

Үш тілде оқуды алдымен халықаралық мектептер мен арнайы лицейдің 7-8 сынып оқушылары бастайды. Кейін қалған білім ошақтары да біртіндеп жаңа жүйеге ауыспақ. Мақтауы асырылған жоба іске асса ұл-қыздар информатика, физика, химия, биология секілді күрделі пәндерді тек ағылшынша оқитын болады. Бұл білімді ұрпақ тәрбиелеуге септігін тигізеді дейді жауаптылар. Бірақ оқушыларға сабақ беру үшін алдымен ұстаздарды жаппай ағылшын тіліне үйрету қажет. Түрлі пікір тудырған бастаманы қолға алушылар бұл мәселені де шешіп қойыпты. Яғни, шет тілінде сабақ беруге «Болашақ» бағдарламасының түлектерін тартпақ. Бірақ, әлемдік университетті бітіріп келгендер жалақысы мардымсыз ұстаздық қызметке келісе ме, жоқ па белгісіз.

Мәриям Мұқатова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті:

Жаңа жүйені бақылап, іске асыру үшін үш тілде білім беру орталығы құрылады. Осы мекеме барлығын бақылап, ағылшын тілін мектепке енгізеді. Барлығы сәтті болса, ұлттық біріңғай тестілеуді де қиындатуды ойластырып отырмыз.  

Соңғы жаңалықтар