Елімізде агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру астық түсімін 1,5 есе өсіруге мүмкіндік береді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру  астық түсімін 1,5 есе өсіруге мүмкіндік береді

Елімізде агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру астық түсімін 1,5 есе өсіруге мүмкіндік береді

Елімізде агроазық-түлік бағдарламасы жүзеге асырылған және өндіріс қарқыны арттырылған жағдайда астық түсімін 20 млн. тоннаға жеткізуге, ал егістік алқаптардың көлемін 12 млн. гектарға дейін азайтуға мүмкіндік бар. Бүгін, 30-қазанда Алматыда ауылшаруашылығына арналған "AgriCA" атты бірінші Орта Азиялық конференцияда сөйлеген сөзінде ҚР ҰҒА-ның академигі Эрвин Госсен осындай пікір білдірді.

  • 30 Қазан 2003
  • 645
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылы елімізде дәнді дақылдарға арналған егістік алқаптарының жалпы ауқымы 13,73 млн. гектарды құрады. Ал жалпы жиналған астық түсімі бункерлік салмақ бойынша 17,5 млн. тоннаны құрап, бір гектардан жиналған орташа түсім 12,8 центнерге жетті.

Э.Госсеннің пікірінше, аталмыш мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың басты алғышарты — операциялар саны шектеулі қазіргі заманғы агротехнологияларды қолдану, астық сортына, тыңайтқыш және гербицидтер түріне қарай аймақтық ажыратылған тиісті көлік қорымен қамтамасыз ету болмақ. Сондай-ақ, тиісті заңнамалық базамен қамтамасыз ету және саланы қаржылық қолдау қажет .
Э.Госсеннің пікірінше, еліміздің ауылшаруашылығы өнімін өндірушілері егістікпен айналысуда тәуекелге баруды талап ететін өнімділігі аз, топырағы құнарсыз аймақтардан бас тартуы қажет. Мұндай жағдайда барлық күш еліміздің орталық және солтүстік бөлігіндегі құнды әрі өнімді жерлерге бағытталатын болады. Бұл аймақтарда дихандар бір гектардан 20-25 центнер түсім жинайтыны белгілі.
Жаңа технологиялар мен кешенді қалдықсыз шараларды қолдану — қазіргі жерге қатысты қолданылатын 11 операцияның санын болашақта тұқым себу, жерді гербицидтермен өңдеу және астық жинауға саятын небәрі 3 операцияға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жердің гумусты қабатын сақтап қалуға жағдай жасайды.

Соңғы жаңалықтар