Тегін стикерлер пакеті бүгін AppStore бөлімінде «Қазақ Эмоджилері» атауымен пайда болды, деп хабарлады Nimoji Software Limited.
«Ұлттық стикерлерді жасау идеясы Қазақстанда туды. Дәл сондықтан Қазақстан жобаның бастапқы алаңына айналды. Жобаны жасаумен, персонаждар мен бағдарламалық өнімдерді әзірлеумен 6 елдің көпұлтты командасы айналысты. Стикерлер топтамасы үшін кейіпкер Қазақстанның мәдени дәстүрлері негізінде жасалды. Жігіттің есімі Айбала. Ол көңілді, әзілқой, сенімді, энергиясы мол. Оған барлық адами қасиеттер мен эмоция тән», — деді жобаны жасаушы.
Оның айтуынша, жобаның мақсаты — әлемнің әр түкпіріндегі адамдарға мессенджерде және басқа да мәтіндік коммуникация жүйелерінде өз эмоцияларын ерекше үлгіде көрсетуіне мүмкіндік беру.
Атап өтейік, тегін топтама 21 стикерді қамтиды және оны iMessage үшін AppStore-да жүктеп алуға болады. Жуырда ол 50-ден астам стикермен кеңейтілген ақылы пакеттермен толығатын болады. Таяу уақытта iOS және Android платформаларында барлық негізгі мессенджерлерде стикерлерді пайдалануға мүмкіндік беретін қосымша шығады.
«Нәзік жанды пайдаланушыларды ұмытып кетті деп ойламаңыздар, таяуда жігіттің құрбысы — Ақсәуле пайда болады», — деп қосты компаниядан.