Елімізде аймақтық энергетикалық компанияларды жекешелендіру 2004-жылдың 1-маусымына дейін аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде аймақтық энергетикалық компанияларды жекешелендіру 2004-жылдың 1-маусымына дейін аяқталады

Елімізде аймақтық энергетикалық компанияларды жекешелендіру 2004-жылдың 1-маусымына дейін аяқталады

Аймақтық энергетикалық компанияларды жекешелендіру 2004-жылдың 1-маусымына дейін аяқталуы тиіс. Бүгін, 8-шілдеде өткен үкімет отырысында сөз сөйлеген премьер-министр Даниал Ахметов үкіметтің алдына осындай міндет қойды.

  • 8 Шiлде 2003
  • 386
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының пікірінше, осыған байланысты электр энергиясының бөлшек сауда рыногін қалыптастыру концепциясын 2003-жылдың 1-қыркүйегіне дейін жасап, осындай бөлшек сауда рыногінің жұмыс істеу тәртіптерін 2004-жылдың 1-қаңтарына дейін бекіту керек. «Бұл міндет орындалады дегенге сенімім зор»,- деп атап көрсетті үкімет басшысы.

Еліміздегі электр қуатын өндіру саласындағы ахуалға түсініктеме берген премьер-министр былай деді: «Қазақстанда жекешелендірілген нысандар негізінде электр қуатының көтерме сауда рыногі қалыптасып, бәсекелі қызмет түрлерін көрсетуде. Электр қауатымен қамтамасыз ету сапасы стандартты деңгейге көтерілді. Бұл -еліміз қол жеткізген табыстардың бірі»,- деді ол. «Алайда бұл нәтиже электр қуаты құнының 40 процентіне ғана әсер етті, ал бағаның 50 процентке дейінгі көлемін аймақтық энергетикалық компаниялардың шығыны құрап отыр. Осы мерзімде аталмыш компаниялардың шығыны мен бағасы аспандап, аймақтарда құнның едәуір қымбаттауына апарып соқты. Бұл электр қуатының бөлшек сауда рыногі қалыптаспауының кесірі «,- деді Д.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар