Елімізде "Айт" журналының пилоттық нұсқасы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде "Айт" журналының пилоттық нұсқасы жарық көрді

Елімізде "Айт" журналының пилоттық нұсқасы жарық көрді

Елімізде сыни-талдамалық "Айт" деп аталатын арт-журналдың пилоттық саны жарық көрді. Бұл туралы бүгін, 4-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Мұрат Әуезов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 500
Фото - Caravan.kz

М.Әуезовтың айтуынша, журналдың басты мақсаты — «қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан көркемдік және мәдени процестерді сыни көзқарас тұрғысынан бағамдау және оларды дамытуға ынталандыру» болып табылады.

Басылым құрылтайшыларының пікірінше, «Айт» журналының негізгі оқырмандары — журналистер қауымы болмақ. Журналда жарық көрген материалдар журналистерге еліміздегі мәдени және әлеуметтік салалардағы оқиғаларға қатысты дербес әрі тәуелсіз көзқарас қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.
Журналдың шеф-редакторы Әсия Мұхамбетованың айтуынша, «Айт» журналы сонымен бірге «ғылым мен БАҚ-тар арасын жалғастырушы» алтын көпірге айналып, журналистер үшін гуманитарлық салада жұмыс істейтін ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері төңірегінде толыққанды ақпараттық кеңістік құруға қолғабыс бола алады.
«Айт» журналының алғашқы саны 2005-жылдың маусым айында жарық көреді. Ал қыркүйек айынан бастап журнал ай сайын шығып отырады.