Елімізде айыппұлдың нағыз дәуірі енді басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде айыппұлдың нағыз дәуірі енді басталды

Елімізде айыппұлдың нағыз дәуірі енді басталды

Көлік жүргізушілері үшін жағымсыз жаңалық. Айыппұлдардың қатары артты.

  • 5 Желтоқсан 2024
  • 12
Фото: uf.ru

4 желтоқсанда жол қозғалысы саласындағы өзгерістерге қатысты заң күшіне енді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазақстанда 2024 жылдың желтоқсанынан бастап қалааралық және республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұл салына бастайды. Бұл шара жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында енгізілуде.

Орташа жылдамдық арнайы камералардың көмегімен есептеледі, яғни көлік қозғалысының А нүктесінен В нүктесіне дейінгі уақытына негізделеді.

Айыппұл мөлшері жылдамдық лимитінің қаншаға асырылғанына байланысты болады:
• 10-20 км/сағ аралығында асырса — 5 АЕК (18 460 теңге),
• 20-40 км/сағ аралығында — 10 АЕК (36 920 теңге),
• 40 км/сағ және одан жоғары — 20 АЕК (73 840 теңге).

Егер жылдамдықты бірнеше рет асыру тіркелсе, айыппұл мөлшері 40 АЕК-ке (147 680 теңге) дейін жетуі мүмкін. Бұл ереже республика бойынша 5,4 мың шақырым жолды қамтитын камералар жүйесінде іске қосылады.

Сарапшылар мен қоғам белсенділері елімізде айыппұл дәуірі басталды деп дабыл қаға бастады. Осы ретте ағымдағы жылдан бастап өзгерістер енгізілген айыппұлдар тізіміне шолу жасайық.

1. Жылдамдықты асыру:
• 10-20 км/сағ: 5 АЕК (18 460 теңге).
• 20 км/сағ асырғандар үшін айыппұл мөлшері артады.


2. Бағдаршамның қызыл түсіне өту:
• Бірінші рет: 10 АЕК (36 920 теңге).
• Қайталанған жағдайда: 15 АЕК (55 380 теңге).


3. Қауіпсіздік белбеуін тақпау немесе телефон пайдалану:
• 5 АЕК (18 460 теңге);


4. Құжатсыз көлік басқару:
• 20 АЕК (73 840 теңге).
• Құқығынан айырылғандардың көлік жүргізуі: 50 АЕК (184 600 теңге) немесе 20 тәулікке қамауға алу.


5. Автотұрақ ережелерін бұзу:
• Дұрыс емес тұрақ: 5 АЕК (18 460 теңге).
• Жаяу жүргіншілер жолында немесе балалар алаңында тұрақ: 10 АЕК (36 920 теңге).


6. Жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзу:
• Жаяу жүргіншіге жол бермеу: 10 АЕК (36 920 теңге).

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2024 жылы 3 692 теңге болып белгіленгендіктен, барлық айыппұлдар осы негізде есептеледі.

Бұдан бөлек, елімізде ақылы автотұрақтар мәселесі көлік жүргізушілер үшін маңызды болып отыр. Соңғы уақытта айыппұлдар сомасы едәуір өсті. Мысалы, 2024 жылы тек Астана қаласында ақылы тұрақ ақысын төлемегені үшін 2 миллиард теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл қаржы жергілікті бюджетке түседі, бірақ қоғамдық сынға себеп болды, себебі айыппұлдардың көлемі мен ақылы тұрақ жүйесін ұйымдастыру әдісі халықтың наразылығын тудырып отыр.

Қазірде ақылы тұрақтар жұмысын реттеуге байланысты өзгерістер енгізілуде. Мәжіліс депутаттары әлеуметтік маңызды аймақтарда ақысыз тұрақ орындарын көбейту және төлемдерді саралап, сұранысқа қарай бағаны әділетті ету бойынша бастамалар көтеріп жатыр. Сондай-ақ, әкімдіктерге бұрынғы келісімшарттарды қайта қарауға мүмкіндік беретін түзетулер қарастырылуда.

Тұрғындар мен депутаттар ақылы тұрақтар жүйесін жетілдіру арқылы оның тиімділігі мен халыққа түсетін ауыртпалықты азайтуды талап етуде. Бұл мәселе әлі де бақылауда тұр және оны шешу үшін жаңа заңнамалық өзгерістер енгізілуі мүмкін.