Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.
"Алдағы демалыс күндері республикада аяз арктикалық ауаның жаңа үлестерінің келуімен күшейетін болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура 30-35 градус, кей жерлерде 40 градус аяз болса, батыста 20-28 градус аяз күтілуде", — деп хабарлады мамандар.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да суық, қар жауу, кей жерлерде өте күшті шығыстық жел, боран күтілуде. Ауа температурасы алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында климаттық мәннен 13-20 градусқа төмен болады.