Әсіресе, қантар айы жұртты біраз қыспаққа алатын түрі бар. Еліміздің солтүстік аймақтары ұзақ уақыт Батыс Сібірден келетін суық циклонның құрсауында қалуы мүмкін. Температура -45 градустан көтерілмейді дейді ауа-райын болжаушылар. Сондықтан төменгі сынып оқушылары үшін бұл айда ұзақ демалыс болайын деп тұр. Ал, ақпан айы қарлы болады. Ақ ұлпа бұл айда мөлшерден көп түседі деп болжанып отыр. Синоптиктер көлік жүргізушілеріне де кеңес айтты. Қысқы доңғалақ қараша айына қалмай ауысуы қажет.