Елімізде алдағы уақытта кейбір партиялар сайлау алдындағы біртұтас блок құруды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде алдағы уақытта кейбір партиялар сайлау алдындағы біртұтас блок құруды көздеп отыр

Елімізде алдағы уақытта кейбір партиялар сайлау алдындағы біртұтас блок құруды көздеп отыр

"Алдағы 1-2 айда еліміздегі кейбір саяси партиялардың сайлау алдындағы біртұтас блокқа бірігуі туралы мәселе шешімін табады. Қазір осы бағытта белсенді келіссөздер жүргізілуде". Бұл туралы бүгін, 27-қаңтарда Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Асар" партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева журналистерге хабарлады.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 455
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «елімізде болып жатқан көптеген құбылыстарға ортақ көзқарас ұстанатын президентке жақтас партиялар Қазақстан президенті осыдан 12 жыл бұрын бастаған жаңартуларды қолдайды әрі олардың саяси пайымдары мен мүдделері бір жерде тоғысады». Осыған байланысты Д.Назарбаеваның пайымдауынша, «осындай партиялар үшін сайлау алдындағы біртұтас блок құрып, өзара бәсекелесудің орнына күш біріктірген дұрыс болмақ. Олай болмаған күнде олардың барлығы да жеңіліске ұшырауы әбден мүмкін». «Алдағы парламент сайлауына қандай дайындықпен бару керектігін біз көп кешікпей түсінетін боламыз»,- деді «Асар» партиясының жетекшісі.

2004-жылғы күзде өтетін сайлау қорытындысы бойынша мәжілістегі орындардың 50 процентін иемдену жөніндегі партияның мәлімдемесіне қатысты сауалға жауап берген Д.Назарбаева «мұндай сенім бар» деп сендірді. Оның айтуынша, «партия облыстарда үлкен қолдауға ие болып отыр. Түрлі социологиялық қызметтердің зерттеулері паш еткеніндей, танымалдығы жағынан партия бірінші орынға көтеріліп, жеңіске деген сенімді еселей түсуде»,- деді Д.Назарбаева. «Кез-келген сайлаудың қорытындысы сайлаушылардың көзқарасына байланысты, ал қазіргі жағдаймен мұндай қарым-қатынас оң сипатта қалыптасты»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар