Жарияланды: 290

Елімізде әлемнің үздік дәрігерлері оқыту шарасын өткізуде

Отандық дәрігерлер үшін сабақ. Елімізде әлемнің үздік дәрігерлері оқыту шарасын өткізуде. Тәжірибе алмасу тек теорияны түсіндірумен шектеліп қалған жоқ. Нейрохирургия саласының шеберлері жергілікті науқастарға операция жасап, ем үлгісін нақты іспен көрсетеді.

Бірақ алдымен дәрігерлер адамдарды емес, табиғатты сауықтыруға кірісті. Бүгін олар Астанада ағаш егіп, қаланы көріктендіруге  үлес қосты. Алдағы күндерде шетелдік меймандар өз білімдерімен бөліседі. Олардың қатарында Қытай, Ресей, Еуропа мен өзге елдердің өкілдері бар. Әйгілі ғалымдармен кездесуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас мамандар да келіп жиналды. Алғашқы күннің өзі нәтижелі өтті. Ганноверден келген хирург күрделі операция жасап, науқас адамның ми ісігін алып тастады. Әдетте мұндай ем шаралары қымбатқа түседі. Ал семинар аясында барлығы тегін өткізілуде. Операцияларға негізінен, дерті асқынған, әрі тұрмыстық жағдайы төмен науқастар қатысады. Ал біздің дәрігерлер үшін басты мақсат - озық әдістемелерді меңгеру.

Серік Ақшолақов, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының бас директоры:

- Әңгіме - жаңалық ашуда емес. Менің ойымша, бірінші кезекте біздің елде ауруларға медициналық көмекті күшейту, бізде бұрыннан болмаған техниканы жақсы  меңгеріп, елде кеңінен қолдану.  Ал оның пайдасы өте зор.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть