Елімізде алғаш рет музей қызметіне арналған кәсіби сайт ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде алғаш рет музей қызметіне арналған кәсіби сайт ашылды

Елімізде алғаш рет музей қызметіне арналған кәсіби сайт ашылды

Елімізде алғаш рет отандық музейлерді ақпараттық және әдістемелік тұрғыдан қолдауға арналған www.kazmuseum.kz сайты ашылды. Бұл туралы идея авторы, музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс мәлім етті. 

  • 20 Сәуiр 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz

«Отандық музейлер ақпараттық қолдау мен әдістемелікке көмекке мұқтаж. Қазақстанда музей қызметі туралы жариялайтын кәсіби сайттар да мүлдем жоқ. Музей мамандары әдістемелік көмек алу үшін өзге тілдердегі сайттардың қызметіне жүгінуге мәжбүр. Біз осы олқылықтың орнын толтыру үшін ақпараттық-әдістемелік сайт ашуды қолға алдық», — деді Н.Жолбарыс.

Идея авторының айтуынша, сайтта танымдық тұрғыдан ақпараттар беретін бірнеше айдарлар бар.

«Сайтымызда еліміз бен шетелдің музейлері туралы ақпарат жариялайтын «Қазақстан музейлері», «Әлем музейлері» және әдістемелік көмек беретін «Маман кеңесі» айдарлары ашылған. Сонымен қатар, «Музей және қоғам», «Музей және ЭКСПО», «Қолда бар жәдігер» айдарлары бұқарамен тығыз жұмыс істеу үшін жасалып отыр. Сайт тұрақты түрде «Жәдігер сыры» деген атпен ҚР Ұлттық музейінің Алтын қорында сақтаулы тұрған жәдігерлер туралы жарияламақ. Сондай-ақ, сайтта музей ұжымдары мен жекеленген қызметкерлері үшін конкурстар да ұйымдастырылған», — деді идея авторы. 
Сайт жетекшісі Н.Жолбарыс ұжымның алдағы уақытта бірнеше жобаларды жоспарлап отырғанын да жеткізді. 
«Музей ісінің өркендеуі үшін жасалған бұл жобаның аясында алдағы уақытта еліміздегі үздік музей мамандары онлайн-конференциялар өткізеді. Әзірге қазақ тілінде ақпарат тарататын сайт алдағы уақытта орыс және ағылшын тілдерінде де шығатын болады», — деді ол.


Перейти к новостям спорта