Елімізде алғашқы жарты жылда ауылшаруашылығының жалпы өнімі 5,2 процентке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде алғашқы жарты жылда ауылшаруашылығының жалпы өнімі 5,2 процентке артты

Елімізде алғашқы жарты жылда ауылшаруашылығының жалпы өнімі 5,2 процентке артты

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда ауылшаруашылығының жалпы өнімі 123,6 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,2 процент артық.

  • 15 Шiлде 2003
  • 586
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне жүгінсек, биылғы жылы арпа-бидай дақылдары мен бұршақ тұқымдас дақылдардың егістік көлемі 13,9 млн. гектарды құрады. Бұл өткен жылғыдан 1,1% кем. Мәселен, жаздық бидай егіні 3,4%-ке, астыққа арналған жүгері егіні 4,3%-ке, жемдік дақылдар 10,4%-ке, бақшалық дақылдар егіні 15,3%-ке, көкөністер егіні 5,1%-ке кеміді. Ал астыққа арналған күнбағыс егу мөлшері 31%-ке, күріш егіні 22%-ке, қант қызылшасы мен мақта егіні 13%-ке, картоп егіні 0,8%-ке артты.
2003-жылдың 1-шілде күнгі жағдайымен республиканың барлық категориялы шаруашылықтарында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда барлық түлік түрлері мен құстар саны көбейді. Есепті мерзімде ірі қара мал саны 6,9%-ке артып 5629,3 мың басқа, қой мен ешкі саны 5,6%-ке артып 15163,6 мың басқа, жылқы саны 5,5%-ке артып 1216,0 мың басқа, шошқа саны 13,1%-ке артып 1716,9 мың басқа, түйе саны 3%-ке артып 119,9 мыңға, құстар саны 5,7%-ке артып 27849,4 мыңға жетті.
2003-жылдың қаңтар-маусым айларында 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ауылшаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемі де артты : тірі салмағы бойынша мал және құс сою мөлшері 4,6%-ке, сүт өндіру мөлшері 5,5%-ке, жұмыртқа өндіру мөлшері 14,7%-ке, жүн өндіру мөлшері 7,9%-ке артты.

Соңғы жаңалықтар