“Спирттік ішімдіктер туралы жарнама прайм-таймда көрсетілмейді. Түнгі 11-ден таңғы 5-ке дейінгі уақытқа қоямыз. Балаларға көрсетпейміз. Бұл телеарналар үшін қосымша қаржы көзі болады. Осылай отандық өнімді қолдамасақ, бәрібір шетелдік ішімдіктер алға шығып кетуде”, – деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Яғни, Үкімет қаржы дағдарысына байланысты спирттік ішімдіктерді жарнамалауға мәжбүр екен. Өйткені, қазір кәсіпкерлер телеарналарға жарнамаға жылына 36 миллиард теңгеге тапсырыс береді. Бұл қаржы теле-радиолардың шығынын толық жабуға жетпейді.
Жалпы, елімізде 12 жыл бұрын сыра, шарап пен темекі сынды денсаулыққа зиян өнімдерді көгілдір экрандарда насихаттауға тыйым салынған болатын. Және биыл шілдеден бастап Қазақстанда қайта тарнсляцияланатын шетелдік телеарналардың да сыраны насихаттауына шектеу қойылған-ды.