Елімізде ақпараттық технологиялар индустриясы саласындағы қарақшылық деңгейі жоғары күйде қалып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ақпараттық технологиялар индустриясы саласындағы қарақшылық деңгейі жоғары күйде қалып отыр

Елімізде ақпараттық технологиялар индустриясы саласындағы қарақшылық деңгейі жоғары күйде қалып отыр

Елімізде ақпараттық технологиялар индустриясы саласындағы қарақшылық деңгейі жоғары күйде қалып отыр. Қазір Қазақстандағы бұл көрсеткіш 80 процентті құрайды. Бұл туралы ҚР әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің басшылығы, отандық және батыстық IT-компаниялардың өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен Астанада өткен еліміздің ақпараттық технологиялар индустриясы саласындағы санаткерлік меншік құқығына арналған дөңгелек үстелде айтылды.

  • 5 Қараша 2003
  • 874
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, дөңгелек үстел барысында «Интеллект » атты республикалық шараның қорытындысы шығарылып, дүниежүзіндегі жетекші IT-компаниялардың бағдарламалық қамсыздандырушыларды өндірушілердің авторлық құқығын қорғау туралы декларация қабылдауына байланысты елімізде IT-рынокты одан әрі дамытудың келешегі жөнінде сарапқа салынды.

«Интеллект» шарасының басты мақсаты — авторлық құқықты жан-жақты насихаттау, осы саладағы заңнамаларды жетілдіруге қатысты ескертпелерді толыққанды жинау, сондай-ақ, осы мәселеге қатысты нақты ұсыныстар жобасын жасау болып табылады.
Биылғы жылдың тамыз айында IT-рынокта жұмыс істейтін бірқатар отандық жетекші компаниялар бағдарламалық қамсыздандырушыларды өндірушілердің авторлық құқығын қорғау туралы бірлескен декларацияға қол қойып қабылдау туралы бұрын-соңды болмаған бастама көтерді. Мұндай құжат қабылдауға Қазақстанда лицензиясыз өнімдердің кеңінен таралуы әсер еткен. Қазіргі жағдаймен Қазақстан қарақшылық деңгейі жоғары болып саналатын Шығыс Еуропа елдерінің тізімінде алдыңғы орында тұрған басқа да ТМД елдерімен бірге бұл көрсеткіш бойынша тек Қытайды ғана алға жібереді. Қытайдағы қарақшылық деңгейі 2002-жылы 92 процентті құраған.
Мамандардың атап көрсетуінше, декларация қабылдау — Қазақстандағы интернет-технологиялар индустриясының дамуындағы жаңаша деңгей болды. Олардың айтуынша, таяу жылдарда бұл индустрия жаңаша қарқынды даму сатысын бастан кешіреді. Нарық заңдылықтарына бағына жұмыс істейтін және санаткерлік меншік құқығын дәйекті қорғаушы компаниялар бәсекелестікте бұлтарыссыз артықшылықтарға ие болады.
Әдеби және музыкалық туындылармен, сондай-ақ, ғылыми жобалармен бірдей бағдарламалық қамсыздандырушылар да санаткерлік меншік обьектісіне саналады, әрі компьютерлік қарақшылық ел экономикасына айтарлықтай нұқсан келтіріп, IT-сектордың дамуын тежейді. Бағдарламалық қамсыздандырушылардың жобасын жасаушылар — қарақшылықтан зардап шегетін негізгі топтың бірі. Мәселен, бағдарламалық қамсыздандырушыларды өндірушілер қауымдастығының зерттеулеріне сәйкес, компьютерлік қарақшылық деңгейінің төмендеуі әлемнің әртүрлі елдерінде интернет-технологиялар индустриясының қарқынды дамуына алып келуде. 2001-2006-жылдарда әлем бойынша IT-сектордың жалпы өсімі 34 процентті құрайды деп бағаланса, қарақшылық деңгейінің 10 пунктке төмендеуі өсім мөлшерін 49 процентке арттыруға мүмкіндік бермекші.
Дөңгелек үстелде атап көрсетілгеніндей, еліміздегі Интернер-технологиялар рыногіндегі қарақшылық деңгейінің жоғары көрсеткіші мемлекет, бизнес және тұтынушылардың қай-қайсысының да көңілінен шығып отырған жоқ. Осыған байланысты еліміздегі компьютерлік техникаларды құрастырушы жетекші компаниялар бірлесіп декларация қабылдау арқылы бірқатар міндеттеме жүктеп алды. Атап айтсақ, олар ендігі жерде тұтынушыларға сатылатын бағдарламалық қамсыздандырушылар жөніндегі барлық лицензиялық келісім шарттарын орындауды, бағдарламалық өнімдерді тарату және сатуды реттейтін барлық тәртіп-ережелерді сақтауды, барлық бағдарламалық қамсыздандырушыларға қажетті лицензияларды рәсімдеуді, қандай жағдайда да бағдарламалардың заңсыз көшірмесін әзірлеуден немесе оны таратудан, немесе осындай әрекеттерге итермелеуден бас тартуды, компаниялардың барлық қызметкерлерінің аталмыш міндеттемелерді бұлжытпай орындауын қамтамасыз ететін тиімді шаралар қолдануды міндеті деп санайды.

Соңғы жаңалықтар