Елімізде әрбір 100 некенің бесеуі жылға жетпей ажырасып кетеді - статистика - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде әрбір 100 некенің бесеуі жылға жетпей ажырасып кетеді - статистика

Елімізде әрбір 100 некенің бесеуі жылға жетпей ажырасып кетеді - статистика

Қазақстанда 2021 жылдың бірінші тоқсанында 32,3 мың жұп некелескен. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,5% жоғары.

  • 11 Маусым 2021
  • 41
Фото - Caravan.kz

Ranking.kz мәліметі бойынша, қалалықтар арасында ажырасу көрсеткіші жоғары — 3,6 мың. Қалалықтар арасында некелескендердің саны ауылдық жердегілермен салыстырғанда 2 есе жоғары. Тиісінше, ажырасу көрсеткіші де 3,6 есе көп.

Бірінші тоқсандағы көрсеткіш бойынша, некелесу бойынша үш өңір көш бастап тұр: Алматы қаласы — 4 мың, Түркістан облысы — 3,7 мың, Алматы облысы — 3,5 мың.

Сондай-ақ ажырасу көрсеткіші бойынша да Алматы қаласы алда келеді — 669. Одан кейінгі орында Алматы облысы (478 ажырасу) мен Қарағанды облысы (446 ажырасу).

Былтыр Қазақстанда некелескендердің саны — 128,8 мың. Оның ішінде 107,6 мың ер адам бұрын некелеспеген болса, 19,8 мың — бұрын ажырасқандар, 1,3 мыңы — жесір қалғандар, 162-сі отбасылық жағдайын көрсетпеген.


Әйелдерге келетін болсақ, 109,5 мыңы бұрын тұрмыс құрмағандар, 17,4 мыңы — бұрын ажырасқандар, 1,6 мыңы — жесір қалғандар, 392-сі отбасылық жағдайын көрсетпеген.

Ал, ажырасу көрсеткішіне келетін болсақ, былтыр некесі бұзылғандардың көбі 1 жылдан 4 жылға дейінгі аралықта отасқандар (14,7 мың).

5-9 жыл аралығында бірге тұрған 13,5 мың жұп ажырасқан. Ал, жылға толмай ажырасқан жұптар — 2,3 мың.

Соңғы жаңалықтар