Елімізде арнаулы шара аясында заңсыз сақталған 755 атыс қаруы тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде арнаулы шара аясында  заңсыз сақталған 755 атыс қаруы тәркіленді

Елімізде арнаулы шара аясында заңсыз сақталған 755 атыс қаруы тәркіленді

АСТАНА. 5-қазан. Kazakhstan Today. Республика бойынша қыркүйектің 25-і мен қазанның 4-і аралығында ұйымдастырылған "Қару-2006" жедел іздестіру шараларының барысында 755 заңсыз сақталған қару тәркіленді. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 5 Қазан 2006
  • 405
Фото - Caravan.kz

81 ойық ұңғылы, оның ішінде 1 автомат, сонымен қатар тәркіленген 46 винтовка және карабин қаруларының 9-ы шолақ ұңғылы, 2 тапанша, өзгертілген 10 газды және 22 қолдан жасалған атыс қарулары. Ал қалған 633-і тегіс ұңғылы мылтықтар.

Арнаулы шара барысында 325 килограмм жарылғыш заттар, 176 жарылғыш қондырғы мен 4937 дана оқ-дәрі тәркіленді.

Тәртіп сақшылары тек жай үйлерді ғана емес, кәсіпорындарды да тексерді. Атап өтсек, Ақмола облысында «Аркада Индастри» ЖШС аумағынан «125 «аммонит» патрондары, 95 электродетонатор, 8 капсюль, 5 отты капсюль, 270 килограмм сары түсті жарылғыш зат тәркіленді.

Аталмыш шара кезінде азаматтар өз еркімен 1 мың 700 қаруды тапсырған. Олардың ішінде 172-сі ойық және 1 мың 314-і тегіс ұңғылы мылтықтар.

Сонымен қатар азаматтардың өз еріктерімен тапсырғандарының ішінде 5 мың 180 оқ-дәрі, 6 килограмм аса жарылғыш заттар және де 149 жарғыш құралғылардың ішінде 10 граната бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта