"Қазгидромет" бүгінгі ауа райына осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, обылыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ : көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +3+5°С топырақ беткейінде -1-3°С, күндіз +18+15°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 0-5, найзағай кезінде желдің екпіні 8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С болады.