Елімізде аудан әкімдерінің сайлауына ат ұсыну шарасы жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде аудан әкімдерінің сайлауына ат ұсыну шарасы  жалғасуда

Елімізде аудан әкімдерінің сайлауына ат ұсыну шарасы жалғасуда

Елімізде эксперимент түрінде өткізілетін жекелеген аудан әкімдерінің сайлауына ат ұсыну шарасы жалғасуда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

  • 11 Шiлде 2005
  • 408
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, еліміздің жекелеген аудандары әкімдерінің сынақ түріндегі сайлауы 2005-жылдың 12-тамызында Алматы облысының Ескелді, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Батыс Қазақстан облысының Жаңғала, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында өтеді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес, үміткерлердің атын ұсыну 2005-жылдың 27-маусымында басталып, 17-шілдеде аяқталады, ал үміткерлерді тіркеу 2-шілдеде басталып, 17-шілдеде аяқталады, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары барлық үміткерлер тіркеліп біткен күні басталып, 10-тамыз күні 24 сағатта аяқталады. Дауыс беру, дауыс санау және дауыс беру қорытындысын жария етуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 12-тамыз күні жүзеге асырады.
Сайланған әкімді тіркеу мен ол туралы шешімді аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан жоғарғы сатылы әкімге таныстыру 2005-жылдың 16-тамызына дейін іске асырылуы тиіс. Осыдан кейін жоғары сатылы әкім сайланған әкімді бір тәулікте тағайындайды.
Сайлау жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады, басқаша айтқанда, аудан әкімдерін аудандық мәслихаттардың депутаттары сайлайды.
Сайлауға екіден кем емес үміткердің аты ұсынылуға тиіс.
11-шілдедегі жағдаймен Алматы облысының Ескелді ауданында аудан әкімінің лауазымынан үш адам үміткер ретінде тіркелсе, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында екі, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында екі, Батыс Қазақстан облысының Жаңғала ауданында екі адам үміткер ретінде тіркелді. Барлық төрт ауданның да қазіргі әкімдері қайтадан сайлауға түспекші.

Перейти к новостям спорта