Елімізде аусылды бақылаудың стратегиясы әзірленбек
Халықаралық эпизоотикалық бюроның жануарлар ауырулары жөніндегі ғылыми комиссия президенті доктор Г.Брукнер Қазақстанда және Орталық Азияның өзге елдерінде аусылды бақылау стратегиясын әзірлейді. |
Доктор Брукнер Қазақстанға қараша айының басында сапармен келді, деп бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Г.Брукнер жұмыс сапары шеңберінде Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарына барып, аумақтық инспекция, ветеринарлық зертханалар және аймақтағы эпизоотикалық ахуалымен танысты.
Г.Брукнер Қазақстанда ветеринарлық қызмет жақсы және тиімді ұйымдастырылғанын айтады. Сонымен қатар, ол облыс деңгейіндегі қызметтер жеткізілімі жақсы құрылымданғанын және фермерлер мен жекеменшік мал дәрігерлері арасында өзара түсіністік пен байланыс жақсы дамығанын атап көрсетті.
Сарапшы аусылдан азат аймақтың ресми мәртебесін алу үшін аумақты вакцинамен қамту, аумақты бөлу, құрылымдық мониторинг жүргізу бойынша өзара айымрашылықтары бар бірнеше нұсқа ұсынды.
Доктор Г.Брукнер малдарға GMP стандартына сай келетін, жоғары сапалы тазартылған (су жән май негізіндегі) вакцинаны міндетті егуді ұсынуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін