Елімізде аз байытылған уран банкі құрылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде аз байытылған уран банкі құрылатын болды

Елімізде аз байытылған уран банкі құрылатын болды

Елімізде аз байытылған уран банкі ақыры құрылатын болды. Бүгін Астанада Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік қызметкерлерімен кездесу өткен болатын. Онда аталған мәселеге қатысты маңызды құжатты Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бекітіп берді.

  • 28 Тамыз 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, енді Ираннан келетін ядролық материалдар елімізде сақталмақ. Яғни, банк Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасады. Онда бір қаланы 3 жыл бойы электр қуатымен  қамтамасыз етуге қауқары жететін 90 тонна аз байытылған уран сақталады. Десе де мамандар оны радиоактивті қалдықпен шатастырмау керектігін айтады. Яғни ол қоршаған орта мен адамдарға еш қауіп төндірмейді. Жоба жақын күндері қолға алынбақ. Оны іске асыруға АҚШ, Біріккен Араб Әмірлігі, Кувейт және Еуропалық одақ елдерінен 150 мың доллардай ақша жиналыпты. 

Соңғы жаңалықтар