Елімізде бала тудыратын еркек іздеп жүрген кәрі қыздар мен күйеуі бар әйелдер көп - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бала тудыратын еркек іздеп жүрген кәрі қыздар мен күйеуі бар әйелдер көп

Елімізде бала тудыратын еркек іздеп жүрген кәрі қыздар мен күйеуі бар әйелдер көп

Еліміздегі жасы 30-дан асқан көптеген келіншектер, тіпті күйеуі барлар да некесіз бала туып алудан кетәрі емес екен. Олар "асыл тұқымды еркекті" ғаламтор арқылы іздейді. Әйелдер бұның құпия болатынын, туып алған баласының әкесіне ешқандай міндет жүктелмейтінін, тіпті ақша төлейтінін айтады.

  • 15 Қыркүйек 2017
  • 106957
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталының редакциясы ғаламтордағы осындай хабарландырулардың көп қаралатынына көз жеткізді. Төменде солардың бірқатарын оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік. Еліміздің қай қиырынан да таңдай беруіңізге болады.

Әсел: "Бала тудыратын еркек керек. Міндет жүктелмейді. Мен қазақпын. Мүмкін болса, қазақтан бала туғым келеді. Шымкентте тұрамын".

Вика: "Бала тудыратын еркек іздеп жүрмін. Әкелік міндетін өзі қаласа ғана орындасын. Поштама жазыңыздар".

 

Жанна: "Сәлеметсіздер ме! Бала жасау үшін еркек іздеп жүрмін. Жасым 35-те. Алматы қаласында тұрамын. Поштама жазыңыздаршы".

Айна: "Ана болу бақытын сыйлай алатын, түсінігі бар әрі мейірімді еркек іздеймін. Жасым 39-да. Материалдық жағдайым жақсы. Түрім тартымды. Бойым — 170, салмағым — 57. Астанада тұрамын. Күйеуге шыққан емеспін. Қазір де жақын адамым жоқ. Әлі күнге дейін пәкпін. Өмір өтіп бара жатыр. Жалғыз қалғым келмейді. Сіз мынадай болуыңыз керек: 40 жаста, бойы 175-тен басталады, жаман әдеті, тұқым қуалайтын ауруы жоқ, түрі тартымды, қазақ немесе татар".

Жанка: "Қазақпын. 31 жастамын. Бала жасау үшін дені сау жігіт іздеймін".

Жақсы адам: "Астанада шәует доноры керек! Түрі тартымды, денсаулығы жақсы, ақыл-парасаты жоғарылау болуы қажет. Екі жақтан да шағым, міндет жүктеу деген болмауы тиіс".

Кездейсоқ жан: "Құрметті еркектер, өтінемін, бала жасауға ақысыз көмектесіңіздерші. Егер жүкті болып, дені сау бала тусам, сізге ешқандай міндет жүктелмейді. Талап: ашаң жүзді, бойы 175 см-ден кем емес, іш құрылысы да, сырты да сау болсын. Балалары бар болса, тіпті жақсы. Барлық анализдері (түрлі инфекцияға, жыныстық ауруға, ВИЧ-ке қанын, шәуетін тексертсін, қан тобы, резус-фактор) керек. Хаттарыңызды, суреттеріңіз бен анализдеріңізді gostgost2017@mail.ru поштасы арқылы жолдай беріңіздер. Хат жазысып, тағы да сөйлесеміз. Атырау қаласы".


Анна: "Бала жасау үшін донор іздеймін. Өскемен".

Лена Фос: "Қайырлы күн. Донор іздеймін. Дені сау адам хабарлассын. Мүмкін болса, қазақ немесе татар керек. Жасы 25-35 аралығында. Міндет жүктелмейді. Анықтама қағаздары міндетті түрде қажет". 

Салта: "Қайырлы күн! Маған шәует доноры керек! Тез арада! Қазақпын. 32 жастамын".

Салта: "Ой, кешіріңіздер! Қобалжып кетіп, өзім туралы ештеңе жазбаппын ғой. Жауапкершілігім, мұрат-мақсатым бар. Өз аяғыммен жүремін. ЭКО-анализ жасатқым келеді. Бәрін тапсырдым. Донор іздеймін. Өйткені жігітім жүрексінеді. Қымбатты еркектер, шұғыл қажетсіздер!"  

Нұргүл: "Бала жасау үшін донор іздеймін. Ешқандай міндет жүктелмейді. Ұлты қазақ, шашы ашаң түсті, білімі жоғары, жаман әдеті жоқ, дені түзу отбасыдан, психикасы дұрыс, 35 жасқа дейін болсын. Жазыңыздар, күтемін".

Гүлнар: "Табиғи жолмен жүкті болу үшін денсаулығы мықты, 40 жасқа дейінгі қазақты іздеймін. Қарағандыдамын".

Балғын: "Шәует донорын іздеймін. Қазақ болсын. Ешқандай міндет жүктелмейді. Жыныстық жолмен жұғатын және тұқым қуалайтын аурулары болмасын. Мүмкін болса, күйеуіме ұқсаса екен. Өзі де, көзі де қара, жүндес және ұзын бойлы емес. Ондайлар бар ма?"

Камила: "Денсаулығы мықты қазақ жігітін іздеймін. Баланы табиғи жолмен жасау керек. Күйеуім бар. Іздеген адамымның дені сау болуы қажет. Әйтеуір, Қарағандыдан болып жүрмесін. Бәрі құпия түрде. Жасым 32-де. Балам жоқ".

Соңғы жаңалықтар