Елімізде баспанаға сұраныс күрт артты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әсіресе Алматы, Астана және Қарағанды облысында үй іздеп жүргендер көп.
Бір ғана айдың ішінде 40 мың баспана сатылған. Оның 9 126 — жеке, 30 973-і — көпқабатты үй.
«Батыс Қазақстан облысын қоспағанда 2024 жылдың шілдесінде еліміздің барлық өңірлерінде транзакциялардың өсуі тіркелді. 2024 жылғы маусыммен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй операцияларының саны 24,5 пайызға артты», — деп мәлімдеді ҚР Ұлттық статистика бюросы.