Елімізде басшылық қызметтегі әйелдер үлесін 40 пайызға жеткізу көзделген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде басшылық қызметтегі әйелдер үлесін 40 пайызға жеткізу көзделген

Елімізде басшылық қызметтегі әйелдер үлесін 40 пайызға жеткізу көзделген

Елімізде басшылық қызмет, бизнес пен мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесін 40 пайызға жеткізу көзделген. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2017
  • 225
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жылы 31 тамызда елордада гендерлік даму мәселелеріне арналған халықаралық форум өтті. Форумның қорытынды құжатында бизнес, мемлекеттік және басшылық қызметтегі әйелдердің үлесін 40 пайызға жеткізу мақсаты қойылған болатын. Бұл өте үлкен мақсат, дегенмен оған жетуге болады. Қоғамның жақсы әрі тұрақты дамуы үшін әйелдердің әлеуетін, мүмкіндіктерін де пайдалану керек. Елімізде ерлер де, әйелдер де тең құқылы. Дегенмен, біз қазір әйелдердің мүмкіндіктерін ашу маңыздылығына баса назар аударуымыз керек», — деді сұхбатында Ашықбаев.

Өз сөзінде Ержан Ашықбаев, бүгінгі таңда Сенат комитеттерінің тең жартысын әйелдер басқарып отырғанын атап өтті.


Атап өтсек, бүгін елордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтіп жатыр.