Елімізде бет-әлпетті тану жүйесі әзірленіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бет-әлпетті тану жүйесі әзірленіп жатыр

Елімізде бет-әлпетті тану жүйесі әзірленіп жатыр

Министрлік барынша отандық бағдарламалық өнімдерді қолдануға тырысуда

  • 14 Мамыр 2018
  • 16
Фото - Caravan.kz

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі кешені министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанға бет-әлпетті тану жүйесі не үшін қажет екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, отандық бет-әлпетті тану жүйесі былтыр басталған. Ұлттық ғылыми кеңес әзірлемеге оң баға бергенмен, жоғары ғылыми-техникалық комиссияда қаржыландыруға ілікпеген. 

"Біз қазір өзіміз дайындаған заң жобасының қабылдануын күтіп отырмыз. Бұл осындай әзірлемелерді қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл жабық әзірлеме болғандықтан, біз ғылым туралы заңға сәйкес, оны шетелдік сарапшыларға бере алмаймыз. Сондықтан келесі жылдан бастап аталған жобаларды қаржыландыра аламыз", — деді министр. 

Атамқұлов жұмыс қаржының жоқтығынан кешеуілдеп жатқанын атап өтті. 

 "Бұл отандық өнім. Бет-әлпетті тану жүйесі, мәселен ақылды қала үшін қолданылады. Бізде отандық бағдарламалық өнімдердің паролі мен коды бар. Сондықтан бүгінде біз барынша отандық бағдарламалық өнімдерді қолдануға тырысамыз",-деді ведомство басшысы.


Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам жапон боксшысымен жұдырықтасады 

Іштегі баласын қатігездікпен алдыртқан — Қытайда қамауда болған қазақ әйелі елге оралды

Селфиге түсірмекші болған әйел баласын эскалатордан құлатып алды
 

 

 

Соңғы жаңалықтар