Елімізде бір мандатты округтер бойынша мәжіліс депутаттығынан үміткерлерді тіркеу аяқталып, сайлау алдындағы науқан басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бір мандатты округтер бойынша мәжіліс депутаттығынан үміткерлерді тіркеу аяқталып, сайлау алдындағы науқан басталды

Елімізде бір мандатты округтер бойынша мәжіліс депутаттығынан үміткерлерді тіркеу аяқталып, сайлау алдындағы науқан басталды

Бүгін, 19-тамызда түн ортасында Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша мәжіліс депутаттығынан үміткерлерді тіркеу аяқталып, сайлау алдындағы науқан басталды. Орталық сайлау комиссиясынан хабарлағанындай, өз кандидатурасын ұсынған 681 адамнан 623-і тіркелді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, 49 адам өз кандидатурасын кері қайтарып, тағы 20 адам "жарнаны төлемеуге байланысты" тіркелмей қалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 19 Тамыз 2004
  • 603
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс сайлауына сондай-ақ, сегіз партия мен екі блок қатысады. Саяси бірлестіктердің партиялық тізімін тіркеу кеше аяқталды.

Бүгіннен бастап елімізде сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды. Бір мандатты округтер бойынша сайлау додасына түсуші үміткерлер теледидар немесе радио арқылы сөз сөйлеу, сайлау алдындағы материалдарын басылым беттерінде жариялау құқығына ие болады. Саяси партиялардың өкілдері 20-21 және 27-28-тамызда ұлттық телеарналардың эфирінде теледебаттар өткізеді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары сайлаудан дәл бір күн бұрын, 18-қыркүйек күні түн ортасында аяқталады.

Перейти к новостям спорта