Қазақстан халқы тілдері күні қыркүйектің үшінші жексенбісінде емес, енді нақты 5 қыркүйекте аталып өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы "Назарбаев орталығында" өткен "Жаңа әлпби – жаңғыру жолы" атты дөңгелек үстелде Ш.Шаяхметов атындағы республикалық тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов айтты.
"ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қаулысымен 5 қыркүйек Ахмет Байтұрсыновтың туған күні, Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Бәріңізді осымен құттықтаймын. Ахмет Байтұрсынов 1973 жылы 29 қаңтарда дүниеге келді деп есептеліп келді. Тіл басқармасында жүрген кезде Ахмет Байтұрсыновтың өз өолымен жазылған үш құжаты табылып, үшеуінде де "5 қыркүйекте тудым" деп жазылған. Соған байланысты мектеп оқулықтарының бәрі өзгерді. Ахаңның туған жылы 1972 жыл, 5 қыркүйек деп өзгертілді", — деді ол.
Тілешов келесі жылдан бастап 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілгенін атап өтті.