Елімізде бір тәулікте түрлі жол апаттарынан 11 адам қаза тауып, 14 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бір тәулікте түрлі жол апаттарынан 11 адам қаза тауып, 14 адам жараланды

Елімізде бір тәулікте түрлі жол апаттарынан 11 адам қаза тауып, 14 адам жараланды

Елімізде бір тәулікте түрлі жол апаттарынан 11 адам қаза тауып, 14 адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Шiлде 2005
  • 372
Фото - Caravan.kz

Жол апаттарының басым бөлігі елдің оңтүстігінде болды. Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тас жолының 148-шақырымында «Ауди» және «ГАЗ-53» автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан «Ауди» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды. «Ауди» автокөлігінде отырған 15 жастағы жолаушы мен «ГАЗ-53» жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Тағы да осы автотрассаның 415-шақырымында «Мазда» және «Тойота» автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан екі жолаушы қаза тапты. «Мазданың» жүргізушісі, оның екі жолаушысы мен «Тойотаның» екі жолаушсы ауруханаға жатқызылды.

Перейти к новостям спорта