Елімізде бір тәулікте жол апатынан 4 адам мерт болып, 18 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бір тәулікте жол апатынан 4 адам мерт болып, 18 адам жараланды

Елімізде бір тәулікте жол апатынан 4 адам мерт болып, 18 адам жараланды

Өткен тәулікте Қазақстан аумағында жол апатынан 4 адам мерт болып, 18 адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қараша 2004
  • 347
Фото - Caravan.kz

Алматы облысының Қарасай ауданында Қаскелең-Шамалған автожолының 2-шақырымында алтыншы үлгілі «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі «ГАЗ-3112» автокөлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан «Жигулиде» отырған 25 жасар жолаушы оқиға орнында мерт болып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Қарағанды облысында Қарағанды-Теміртау автожолының 5-ші шақырымында «Мазда» және «ЗиЛ-131» автокөліктері соғысу салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы ауруханаға түсті.
Павлодар облысында «Мазда — 626» және «Ауди» автокөліктерінің соғысуы салдарынан 6 адам зардап шекті: екі жүргізуші мен төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында екі бірдей ірі апат болды. Алғашқысында «Тойота» және «Мазда» көліктері соғысты. Екі жолаушы опат болып, екі жүргізуші де ауруханаға түсті. Екінші оқиғада «ВАЗ-21099» және «ЗиЛ» автокөліктері соқтығысып қалды. «Жигулидің» жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті. «ВАЗ» жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Перейти к новостям спорта