Елімізде бір тәулікте жол апатынан 5 адам қайтыс болып, 16 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бір тәулікте жол апатынан 5 адам қайтыс болып, 16 адам жараланды

Елімізде бір тәулікте жол апатынан 5 адам қайтыс болып, 16 адам жараланды

Соңғы бір тәулікте еліміздің оңтүстік өңірлерінде болған 4 жол апатынан 5 адам қайтыс болып, 16 адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Сәуiр 2005
  • 463
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысында Алматы-Тараз тас жолының 299-шақырымында «Ниссан» және «ВАЗ-2107» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан екі жүргізуші мен «Ниссанда» отырған үш жолаушы оқиға орнында мерт болды. «Жигулидің» екі жолаушысы, соның ішінде 13 жастағы бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен қатар тағы да Жамбыл облысында, Тараз-Өрнек автожолының 32-ші шақырымында «ПАЗ-652» автобусы ағашқа соғысып қалды. Соның салдарынан 6 жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Осындай жол апаты Алматының Түркісіб ауданында да болды. «Мазда» жүргізушісі ағашқа соқтығысып қалған. Соның салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Тағы бір ірі жол апаты Алматы маңындағы Өжет ауылында болды. «ВАЗ-2106» және «Ауди» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан төрт адам ауруханаға түсті.

Перейти к новостям спорта