Елімізде бірнеше шенеунік қорғанысқа бөлінген қаражатты жымқырған деген күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бірнеше шенеунік қорғанысқа бөлінген қаражатты жымқырған деген күдікке ілінді

Елімізде бірнеше шенеунік қорғанысқа бөлінген қаражатты жымқырған деген күдікке ілінді

Қазақстан Қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жұмғазиевке сыбайласқан жемқорлықты ұйымдастырды деген күдік келтірілді.

  • 11 Тамыз 2016
  • 328
Фото - Caravan.kz

Ол құрған қылмыстық топқа қорғаныс, қаржы министрліктерінің, бірқатар компаниялардың басшылары кірген, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК). Жұмғазиев 8 тамыз күні «20 миллион теңге пара алу кезінде ұсталды», делінген комитет хабарламасында.

«Қорғаныс министрлігінің байқау комиссиясының төрағасы болған кезде, Т. Жұмқазиев кәсіпкерлердің мүдделерін қорғаған, өзінің бұл әрекетін жасыру үшін ол қорғаныс министрлігі мен қаржы министрлігіндегі органдардың қызметкерлерінің мүмкіндіктерін пайдаланған», — деп хабарлады ҰҚК.

Ресми мәлімет бойынша, тергеудегі қылмыстық іс аясында қорғаныс, қаржы министрліктерінің бес лауазымды қызметкері, жеке компаниялардың төрт жетекшісі ұсталды. Олардың аты-жөндері аталған жоқ.


Перейти к новостям спорта