Елімізде биыл 1-шілдеден бастап мемлекеттік бағдарлама шеңберінде халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде биыл 1-шілдеден бастап мемлекеттік бағдарлама шеңберінде халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту басталады

Елімізде биыл 1-шілдеден бастап мемлекеттік бағдарлама шеңберінде халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту басталады

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. 1 шілдеден бастап 2007 - 2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы шеңберінде халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту басталмақ. Бұл туралы кеше өткен үкіметтегі селекторлық кеңес барысында Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 12 Маусым 2007
  • 703
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі күні облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тарапынан халықты оқыту үшін 2512 компьютер сыныбы орналасқан ғимараттар анықталды. 2512 сынып есептегіш және ұйымдастырғыш техникамен жабдықталған», — деді К. Есекеев.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы 75 компьютер сыныбы негізінде мемлекеттік қызметкерлерді оқыту, 300 компьютер сыныбын бюджетік ұйымдардың жұмысшыларын оқыту үшін ашу, ал 2 000 жазғы мектептер негізінде бюджеттік емес салалардағы және халықтың басқа да санаттарындағы жұмысшыларды оқыту жоспарланып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, 69 компьютер сыныптары балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін оқыту үшін дайындалған.

Атап айтар тағы бір мәселе жиналыс барысында К. Есекеев үкімет назарын Маңғыстау облысындағы компьютер сыныптарының дайындық деңгейі бар болғаны 70 пайызды құрап отырғандығына, ал Батыс Қазақстан облысында 80 пайыз екендігіне аударды. «Басқа облыстарда дайындық 90%-дан жоғары және 1 шілдеге қарай жұмыс басталады деген сенімдемін», — деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетсек, 2006 жылдың қазан айының 11 жұлдызында 2007 — 2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бекітілген болатын. Оның негізгі бағыты — Қазақстан халқының 20 пайызын компьютерлік сауаттылықты игерген, республикадағы электрондық қызмет пен Интернеттің қолданушыларына айналдыру. Сондай-ақ, азаматтардың күнделікті өмірінде ақпараттық ресурстардың маңыздылығын ұлғайту.

2515 сыныпта бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2 364 054 адамды (15,7%) оқыту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында аймақтардағы мұғалімдер үшін тренингтік курстар жүргізу жоспарда бар. Негізінен алғанда, 2007 жылы мұндай тренингтер жазғы компьютер мектептерінде жұмыс істеу үшін IT-мамандықтың 2000 студенті мен 1000 мұғалімге жүргізіледі. 2008 жылы — 100 мұғалім, 2009 жылы — 100 ұстаз. Осылайша, Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ойынша, компьютер сауаттылығын игерген қазақстандықтар саны 5%-дан 20,7%-ға дейін көтерілмек.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті