Елімізде биылғы түсімді жаппай шетелдерге шығарып әкету қаупі туындады - үкімет басшысының орынбасары А.Есімов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде биылғы түсімді жаппай шетелдерге шығарып әкету қаупі туындады - үкімет басшысының орынбасары А.Есімов

Елімізде биылғы түсімді жаппай шетелдерге шығарып әкету қаупі туындады - үкімет басшысының орынбасары А.Есімов

"Қазақстанның астық рыногінде ерекше ахуал қалыптасып, биылғы түсімді жаппай шетелдерге шығарып әкету қаупі туындады ". Бұл туралы бүгін, 21-қазанда үкімет мәжілісінде сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

  • 21 Қазан 2003
  • 518
Фото - Caravan.kz

А.Есімовтың айтуына қарағанда, мұндай ахуалдың қалыптасуына «Еуропа, Украина және Ресейдің негізгі астықты аймақтарында егіннің шықпауынан Қазақстан астығына деген дүрлікпе сұранысты арттырып жіберуі әсер етті».

А.Есімов «үкімет тарапынан ахуалды бақылауда ұстауға, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған» нақты шаралар қолданылып жатқанын атап көрсетті. Атап айтсақ, «үкімет еліміздің астық сұранысын қамтамасыз ету, нан бағасының шұғыл қымбаттауына жол бермеу мақсатымен мемлекетіміздің астық қорын толықтыруға тырысуда».
А.Есімов осы мақсатпен елімізде мемлекеттік астық сатып алу бағасы екі мәрте көтерілгенін еске салды. Алайда, вице-премьердің айтуынша, «бұл істе кейбір қиындықтар туындаған». Атап айтсақ, «ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің басым көпшілігі Азық-түлік келісім-шарты корпорациясының алдындағы міндеттемелерін орындаудан бас тартқан». Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, ауылшаруашылығының тауар өндірушілері биылғы көктемде келісім-шарт корпорациясымен шарт бойынша мемлекеттік қорға астық өткізуден бас тартуда. Министрдің ортаға салған мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен мемлекеттік астық сатып алу бағдарламасына сәйкес өткен көктемде Азық-түлік келісім-шарты корпорациясының шарт бойынша сатып алуға межелеген 245 мың тонна астықтың 100 мың тоннасы ғана алынып отыр. А.Есімов кейбір ауылшаруашылығының өнім өндірушілері астықты мемлекетке тапсырудан ат-тонын ала қашып, «сезікті алаяқтық шараларға барып жатыр» деп атап көрсетті. Вице-премьердің пікірінше, «әр деңгейдегі кейбір әкімдер мұндай жағдайға қасақана жол беруде». «Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қолғабыс жасаудың орнына кейбір әкімдер жеке бизнеспен айналысқысы бар ма деген күдік көңілге ұялайды»,- деді А.Есімов. «Қыруар астық жинай тұра өзіміз астықсыз қалсақ масқара , мұндай жағдайды мемлекеттік саясатпен сабақтастыру қиын»,- деді. Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, «әкімдер нақты жұмыспен айналысып, мемлекеттік қорға астық сатып алуға түрткі болуы тиіс».

Соңғы жаңалықтар