Елімізде болған екі жол апатынан 5 адам мерт болып, 12 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде болған екі жол апатынан 5 адам мерт болып, 12 адам жараланды

Елімізде болған екі жол апатынан 5 адам мерт болып, 12 адам жараланды

Өткен тәулікте Қазақстан аумағында болған екі жол апатынан 5 адам мерт болып, 12 адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Маусым 2004
  • 350
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысында Қарағанды-Алматы тас жолының 20-шы шақырымында «Фольксваген» микроавтобусының жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көлікте отырған 8 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір жол апаты Павлодар облысы Екібастұз қаласында болған. 24-маусым күні таңертең ерте «Мазда-626» және «Ауди-80» автокөліктері соқтығысып қалған. Оқыс оқиға салдарынан екі жүргізуші де сол жерде мерт болып, көліктерде отырған 4 жолаушы, соның ішінде 6 және 11 жастағы екі қыз бала түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Перейти к новостям спорта