Мәселен, мекеме ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында Ақсуат-Боғаз тас жолының 67-шақырымында 10 тамызда «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолының 401-шақырымында сол күні 19 сағат 30 минутта «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі «Джип Лексус» автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан джиптің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында мерт болды.
Сонымен бірге Қарағанды облысында Жезқазған-Қарағанды тас жолында бүгін 0 сағат 30 минутта «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі көлігін ударып алды. Соның салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Қызылордада Арысқұм-Қызылқия автожолының 8-шақырымнда 10-тамызда 17 сағатта «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі «МАЗ» жүк көлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан «МАЗ» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. «КамАЗ» жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.