Елімізде бұдан былай жаңа телерадиожиіліктер шектеулі көлемде таратылатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бұдан былай жаңа телерадиожиіліктер шектеулі көлемде таратылатын болады

Елімізде бұдан былай жаңа телерадиожиіліктер шектеулі көлемде таратылатын болады

Елімізде бұдан былай жаңа телерадиожиіліктер шектеулі көлемде таратылатын болады. Бұл туралы ҚР ақпарат министрінің орынбасары Ардақ Досжан Қазақстан журналистері конгресінің 3-отырысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Атыраудан.

  • 20 Ақпан 2004
  • 402
Фото - Caravan.kz

А.Досжанынң айтуынша, еліміздің облыс орталықтарындағы телерадиокомпаниялар барлық жиіліктерді түгелдей дерлік бөлісіп алған. Қазіргі жағдаймен елімізде 82 телерадиостанция жұмыс істейді. Ақпарат министрінің орынбасары алдағы уақытта елімізде сандық телевидениеге бетбұрыс басталатынын атап өтті. Ол өткен жылы 50 мыңнан артық тұрғыны бар барлық қалаларда сандық телехабарларды тарату үшін бір-бір жиіліктен қалдыруға шешім қабылданғанын еске салды. А.Досжанның түсініктемесіне жүгінсек, жаңа телевизиялық формат бірнеше телеарнаға бір жиілікте жұмыс істей беруге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, нәтижесінде теледидардағы кескін мен дыбыс та әжептәуір жақсарады.

Вице-министрдің хабарлауынша, бүгінде ақпарат министрлігінде 250 компаниядан телерадиожиіліктер алуға өтініштер жатыр. А.Досжанның айтуынша, олардың басым бөлігі жиіліктің аздығына байланысты хабар таратуға лицензия ала алмайды.
Қазақстан журналистерінің конгресіне қатысушылар ҚР ақпарат министрлігі мен ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Агенттікке бұрындары жобаланған , бірақ қазір пайдаланылмай отырған телерадиожиіліктердің тізімін беруді өтінді.
А.Досжанынң хабарлауынша, қазір парламентте қаралып жатқан «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы » жаңа заңға сәйкес, лицензия беру құқығы ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Агенттіктен ҚР ақпарат министрлігінің құзырына өтеді. Соған сәйкес, телерадиокомпаниялар хабар таратуға лицензияны қайтадан алуы тиіс. Вице-министр бұл процесс қиындықсыз өтеді, БАҚ-тар тарапынан наразылық туындамайды деген сенімде. Ол телерадиокомпаниялар профильді мекемеден бір ғана лицензия алуы тиіс екенін атап өтті. Егер хабар таратушылар тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлерін арттыруды қалаған жағдайда (IP-технологиялар, интернет және т,б) бұл мәселе бойынша тиісті рұқсат алу үшін ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Агенттігіне өтініш беруі тиіс.

Соңғы жаңалықтар