Елімізде Бүкілқазақстандық сауда-несиелік қауымдастығын құру қажет- ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде Бүкілқазақстандық сауда-несиелік қауымдастығын құру қажет- ҚР президенті

Елімізде Бүкілқазақстандық сауда-несиелік қауымдастығын құру қажет- ҚР президенті

Астық рыногын үйлестіру және фермерлерге несиелік көмек беру үшін Бүкілқазақстандық сауда-несиелік қауымдастығын құру қажет. Бұл туралы кеше, 26-тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Тамыз 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қостанай облысында мемлекет басшысы «Заречное» РМК егіс алқаптарын аралады. Бұдан кейін Н.Назарбаев аудан және қала әкімдерімен, жергілікті аылшаруашылығы тауар өндірушілерімен кеңес өткізді. Әкімдер мен шаруа қожалықтары қожайындарының уәжін тыңдаған Елбасы ауылдағы несиелік серіктестіктердің саны мен ролін арттырудың маңызына тоқталды. Мәселен, Бүкілқазақстандық сауда-несиелік қауымдастығын құру мәселесі көтерілді. Ол несиелік серіктестіктерді біріктіріп, мемлекет тарапынан субсидия бөлінбеген жағдайда фермерлерге қолұшын беруі тиіс.

Перейти к новостям спорта