Елімізде денсаулық фестивалі өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде денсаулық фестивалі өткізіледі

Елімізде денсаулық фестивалі өткізіледі

2005-жылдың 24-қыркүйегінде елімізде "Әрбір ана мен әрбір балаға назар аударайық!" деген ұран астында денсаулық фестивалі өткізіледі. Бұл туралы бүгін, 19-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұлттық орталықтың бас директоры Қазбек Төлебаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 468
Фото - Caravan.kz

Фестивальді Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұлттық орталық пен ҚР президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия ұйымдастырады. Шараның мақсаты- ана мен баланың денсаулығын сақтау және оны қорғау ісіне қоғам назарын аудару болмақ.
Фестиваль шеңберінде еліміздің барлық елді мекендерінде бүкілхалықтық шаралар өткізіліп, оның барысында қалаған адамдар дәрігер-мамандардың ақыл-кеңесін алуға мүмкіндік тумақ. «Әйелдер өз құқықтарын, мемлекеттің оларға қандай емдеу және зерттеу шараларына ақысыз кепілдік беретінін білуге тиіс»,- деді Қ.Төлебаев.
Алматыда осындай ең ауқымды шара «Фэмили» саябағында өтеді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта