Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz—ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық валюта долларға шаққанда күніне 0,61 теңгеге нығайды.
7 сәуірде биржадағы доллар бағамы 437,98 теңгені құрады.
Айта кетейік, күшейтілген карантин режимі кезеңінде Нұр-Сұлтан мен Алматыда айырбастау пункттері жұмыс істемейді. Шымкенттік айырбастау пункттері АҚШ валютасын 432-433 теңгеден сатуда.
10 наурыздан бастап Ұлттық Банк интервенция жүргізді, оның көлемі 1 миллиард 487 миллион 600 мың долларды құрады.