Елімізде дрон пайдалануды үйрететін 1 100 орта мектеп бар - kaz.caravan.kz
  • $ 518.31
  • 567.96
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде дрон пайдалануды үйрететін 1 100 орта мектеп бар

Елімізде дрон пайдалануды үйрететін 1 100 орта мектеп бар

Оқу-ағарту министрлігінен Kazinform сауалына жолданған жауапта елімізде оқушыларына дрон пайдалануды үйрететін мектептердің санын көрсетіледі.

  • 4 Сәуiр
  • 9
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

-Дрондарды пайдалану, әсіресе STEM-білім беру аясында, оқушылардың техникалық ойлау қабілетін, инженерлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бүгінгі күні елімізде мұндай мектептердің саны шамамен 1 100-ге жуық. Бұл мектептерде ол негізінен STEM-зертханалар аясында іске асырылады. Мұндай зертханаларда оқушылар дрондарды құрастыру, бағдарламалау және басқару секілді практикалық дағдыларды меңгереді, — деп жазылған ресми мәліметте.

Жалпы республика бойынша жеткіншектердің техникалық қабілетін ұштауға арналған 24 жас техниктер станциясы мен техникалық шығармашылық орталық бар.

-Қосымша білім беру процесіне дрондарды кіріктіру қаражат талап еткендіктен, бұл мәселе әрбір өңірдің мүмкіндіктеріне және қажеттіліктеріне қарай жоспарланатынын ескертеміз. Сондай-ақ биылғы оқу жылынан бастап еліміздің бірнеше техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында заман талабына сай пайда болған мамандықтардың бірі — дрон операторларын даярлау қолға алынды, — делінген министрлік жауабында.