Жарияланды: 770

Елімізде экономика пәнінің оқытушыларын қайтадан даярлауға бағытталған жоба жүзеге асырылады

Еуразия қоры мен ЭксонМобил компаниясы Қазақстанның аймақтық университеттерінің экономика пәні оқытушыларының біліктілігін жетілдіруге бағытталған бірлескен жоба жүзеге асырылатынын хабарлады. Ұйымдастырушылардың ой-жоспарына сәйкес, бұл жоба елімізде кәсіби экономика мамандарының санын арттыруға, іргелі ғылымдар бойынша білім игеруші студенттердің талдамалық қабілетін арттыруға септігін тигізбек.

Жоба аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанындағы оқытушылардың мамандығын жетілдіру институты Ресейдің экономикалық мектебімен бірлесіп экономика пәнінен дәріс беруші қазақстандық 125 оқытушы үшін арнайы тренингтер өткізеді. Мәскеулік профессорлар экономика саласында математикалық әдістемелерді қолдану тақырыбында арнайы сабақтар өткізеді. Бағдарламаға эконометриялық модельдеу, жоғары математика және статистикалық талдауға арналған бағдарламалық өнімдерді пайдалану салалары бойынша оқыту жұмыстары да қамтылған. Бұл білімді оқытушылар бағдарламаға қатысушы университеттерде оқыту процессінде пайдалана алады. Жалпы құны 20 мың долларға бағаланған бұл жоба 8 айға межеленген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін