Елімізде эксперимент түрінде өткізілетін жекелеген аудан әкімдерінің сайлауына үміткерлерді тіркеу аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде  эксперимент түрінде өткізілетін жекелеген аудан әкімдерінің сайлауына үміткерлерді тіркеу аяқталды

Елімізде эксперимент түрінде өткізілетін жекелеген аудан әкімдерінің сайлауына үміткерлерді тіркеу аяқталды

Елімізде эксперимент түрінде өткізілетін жекелеген аудан әкімдерінің сайлауына үміткерлерді тіркеу аяқталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. Комиссия ақпаратына сәйкес,

  • 18 Шiлде 2005
  • 411
Фото - Caravan.kz

барлығы 10 үміткер тіркелді.

Алматы облысының Ескелді , Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев, Батыс Қазақстан облысының Жаңғала ауданында екі адам үміткер ретінде тіркелсе, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында үш адам тіркелді . Барлық төрт ауданның да қазіргі әкімдері қайтадан сайлауға түспекші.
Тоғыз үміткердің сегізі «Отан» партиясының мүшелері.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, еліміздің жекелеген аудандары әкімдерінің сынақ түріндегі сайлауы 2005-жылдың 12-тамызында Алматы облысының Ескелді, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Батыс Қазақстан облысының Жаңғала, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында өтеді.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес, үміткерлердің атын ұсыну 2005-жылдың 27-маусымында басталып, 17-шілдеде аяқталады, ал үміткерлерді тіркеу 2-шілдеде басталып, 17-шілдеде аяқталады, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары барлық үміткерлер тіркеліп біткен күні басталып, 10-тамыз күні 24 сағатта аяқталады. Дауыс беру, дауыс санау және дауыс беру қорытындысын жария етуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 12-тамыз күні жүзеге асырады.
Сайланған әкімді тіркеу мен ол туралы шешімді аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан жоғарғы сатылы әкімге таныстыру 2005-жылдың 16-тамызына дейін іске асырылуы тиіс. Осыдан кейін жоғары сатылы әкім сайланған әкімді бір тәулікте тағайындайды.
Сайлау жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады, басқаша айтқанда, аудан әкімдерін аудандық мәслихаттардың депутаттары сайлайды.
Сайлауға екіден кем емес үміткердің аты ұсынылуға тиіс.

Перейти к новостям спорта