Елімізде е-ислам порталы іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде е-ислам порталы іске қосылады

Елімізде е-ислам порталы іске қосылады

Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жыл аяғына дейін е-ислам порталының іске қосылатынын мәлімдеді. Аталмыш жобаға 175 мың доллар бөлінген, деп хабарлайды Muslim.kz.

  • 4 Қазан 2013
  • 333
Фото - Caravan.kz


«Келесі жылы еш кедергісіз пайдалануымыз үшін оны жыл аяғына дейін іске қосып үлгеруіміз керек»,- деді ол өз сөзінде.

Оның айтуынша, ақпараттық, ағартушылық бағытта жұмыс істейтін порталда асыл дініміздің негіздері тарқатылып түсіндірілетін болады. Сонымен қатар, түрлі діни ұғымдарды, соның ішінде, радикалды ағымдарды түсіндіріп беретін блог та ашылатын болады.