Елімізде екі ірі жол апатынан төрт адам қаза тауып, тоғызы жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде екі ірі жол апатынан төрт адам қаза тауып, тоғызы жараланды

Елімізде екі ірі жол апатынан төрт адам қаза тауып, тоғызы жараланды

АСТАНА. 9-қараша. Kazakhstan Today. Елімізде өткен тәулікте болған екі ірі жол апатынан төрт адам қаза тауып, тоғызы жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қараша 2006
  • 337
Фото - Caravan.kz

Мәселен, таңертең Астанада Магистральная және Манас көшелерінің қиылысында «Мазда», «Фольксваген» және «Тойота» автокөліктері соғысты. Соның салдарынан «Мазда» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі мен оның 43 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болып, тағы 4 жолаушы, соның ішінде 11 және 14 жастағы екі жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір ірі жол апаты Алматы облысында болды. 8-қараша күні кешке Алматы-Өскемен тас жолының 313-шақырымында «Мазда» және «Тойота» көліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан 44 жастағы «Тойота» жолаушысы мен 31 жастағы «Мазданың» жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. «Тойотаның» жүргізушісі мен оның жолаушысы, сондай-ақ, екінші көліктегі үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта