Мәселен, Алматыда 1-қарашада түнгі 2 сағат 11 минутта «Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында жарақаттан опат болды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында Алматы-Тараз тас жолының 442-шақырымында 31-қазанда «ГАЗ-3110» автокөлігінің жүргізушісі «КамАЗ» автокөлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан «ГАЗ-3110» автокөлігінің жүргізушісі мен көлікте отырған 40-45 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті