Елімізде "Емдік дәрі-дәрмектер туралы" заң қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 529.7
  • 545.96
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде "Емдік дәрі-дәрмектер туралы" заң қабылданды

Елімізде "Емдік дәрі-дәрмектер туралы" заң қабылданды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Емдік дәрі-дәрмектер туралы" заңға қол қойды.

  • 16 Қаңтар 2004
  • 2029
Фото - Caravan.kz

Заңда емдік дәрі-дәрмектердің айналымы саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін мемлекеттік мекемелер айқындалып, фармацевтикалық іс-қызметпен айналысуға лицензия беру, емдік дәрі-дәрмектерді өндіру және жасауды сертификаттау және тіркеу, олардың қосалқы әсерін есепке алу ережелері қарастырылған. Дәрі-дәрмектерді клиникалық тексеруден өткізу, клиникалық тексеруге дейінгі сынақтар, дәрі-дәрмектерді елімізге әкелу және оны шетелдерге шығару мәселелері айқындалған. Бұған қоса заң мемлекеттік дәріханалардың іс-қызметін реттейді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл — еліміз бойынша дәрілік заттардың айналымын реттейтін тұңғыш заң. Бұған дейін емдік дәрі-дәрмектерге қатысты іс-қызмет Елбасының жарлығы бойынша жүзеге асырылып келді.
Бүгін, 16-қаңтарда «Емдік дәрі-дәрмектер туралы» заң мемлекеттік БАҚ-тарда жарияланды. Заң баспасөзде жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.