Елімізде ең қымбат нан Атырау облысында - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ең қымбат нан Атырау облысында

Елімізде ең қымбат нан Атырау облысында

Мақатта қазір кәдімгі бөлке нан 90 теңгеден сатылуда. Негізі, бұл аудандағы 30 мың тұрғынды бір емес, төрт наубайхана нанмен қамтамасыз етіп отыр.

  • 28 Қараша 2015
  • 311
Фото - Caravan.kz

Мақаттағы халықтың бір бөлігі теміржолда жұмыс істейді. Ал, базар-вокзал жағалап күн көріп отырған жұмыссыздар үшін мұның қалтаға соғатыны анық. Жергілікті наубайханашылар бұны доллардың қымбаттауымен байланыстырыпты. Алайда облыс орталығы –Атырау қаласында ас атасының құны қалыпты. 45-50 теңге төңірегінде. Мақат басшылығы енді алдағы уақытта нөмірі бірінші тағамның бағасын аз да болса түсіру мақсатында жаңадан 3 наубайхана ашпақшы.

Хайдар Төлеуішев, Мақат ауданы әкімінің орынбасары:

-Атыраудан да келеді нандар, сату бағасы 60 теңгеден, Доссор кентінде 3 наубайхана бар. Олардың сату бағасы 50 теңгеден беріп отыр. Енді ана жақта сатып алып отырған дүкендер өздері үстіне қосып сатып отыр.