Елімізде еріктілер қозғалысын қолдайтын мемлекеттік бағдарлама әзірленбек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде еріктілер қозғалысын қолдайтын мемлекеттік бағдарлама әзірленбек

Елімізде еріктілер қозғалысын қолдайтын мемлекеттік бағдарлама әзірленбек

Қазақстандағы еріктілер қозғалысы мемлекеттік қолдауды қажетсінеді.

  • 8 Шiлде 2011
  • 1142
Фото - Caravan.kz

Бұл пікірді бүгін елордада өткен дөңгелек үстел барысында Ұлттық еріктілер желісінің басшысы Вера Ким білдірді.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта елімізде еріктілер қозғалысының жұмысын регламенттейтін құқықтық норма жоқ. Бұл орайда олардың әлеуметтік маңызын ескере отырып еріктілер қызметі туралы жеке заң жобасын әзірлеу өте дұрыс болмақ.

«Дегенмен, біз бастапқыда өңірлерде, облыстарда дәл осы еріктілер қызметін қолдайтын бағдарлама әзірлегіміз келеді. Біз ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жастар саясаты департаментінде Қазақстандағы еріктілер қозғалысының жұмысын регламенттейтін үшжылдық бағдарламаның болуына күш саламыз», — дейді ол.

Айта кетейік, ұлттық еріктілер желісі Қазақстан Азаматтық альянсының, БҰҰ Еріктілер бағдарламасының және ҚР еріктілер ұйымының бірлескен бағдарламасы. Қазіргі таңда қазақстандық еріктілер қарт адамдарға, аз қамтылған отбасыларға, жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын берумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар