Елімізде ескі көліктерді қабылдау жобасы жалғасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ескі көліктерді қабылдау жобасы жалғасып жатыр

Елімізде ескі көліктерді қабылдау жобасы жалғасып жатыр

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Яғни, қоқысқа кететін көліктің орнына 350 000 теңгеден басталған сертификаттар беріледі екен. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, жыл соңына дейін қазақстандықтар 10 мыңға жуық кәдеге жарамайтын көліктерін өткізеді. Бас қалада қай жерде ескі машинаны өт

  • 19 Шiлде 2017
  • 346
Фото - Caravan.kz

Яғни, қоқысқа кететін көліктің орнына 350 000 теңгеден басталған сертификаттар беріледі екен. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, жыл соңына дейін қазақстандықтар 10 мыңға жуық кәдеге жарамайтын көліктерін өткізеді. Бас қалада қай жерде ескі машинаны өткізуге болады. Бұл мәселені Астаналық тілшіміз зерттеп көрген еді.

30 жылдық жүргізушілік еңбек өтілі бар Нұртай Түкешов ескі болса да, үйреніп қалған «Москвич» маркілі көлігін темір қоқысқа қимайды. Себебі, ол балаларымды, немерелерімді тасыған еді  – дейді. Десе де, тозығы жеткен машина әрі қарай кәдеге жарамасын біледі. Өтемақы 15 күннің ішінде беріледі. Болмаса, жүргізушінің таңдауына орай, отандық өндірушілердің көлігіне жеңілдетілген сертификат беріледі екен. Ал, тек алғашқы құжатты тапсыратын күн.

«Бұл машинам 30 жылға тақау жүріп берді. Бұл бағдарламаны естіп, шешім қабылдадым. 350 шақырым жерден жүргізіп өз қолыммен алып келдім осында»,- деді Қала тұрғыны, Нұртай Түкешов.

Тозығы жеткен көліктерді қабылдау орындары республиканың әр өңірінде жұмыс істеуде. Бүгінге дейін атқарылған бірінші кезең бойынша, өтемақы төленіп келсе, биылдан бастап, компания жаңа отандық көліктерге сертификат бере бастаған. Жобаны іске асырушы компания өкілдерінің айтуынша, бағдарламаның  негізгі мақсаты елімізді темір қоқыстан арылту. Алдағы уақытта темір-терсекті өңдейтін зауытта ашылмақ. Ол Қарағанды қаласында орналасатын болады.

«Бүгінгі таңда 25 мыңға жуық көлік сатып алынды. 26 бастап біз бағдарламаның екінші кезеңіне көштік. Яғни, жаңа көлік сатып алуға мүмкіндік беретін сертификаттарды тапсыратын боламыз. Айта кетер жәйт, қысқа мерзімнің ішінде 119 көлікке керек қағаз табыс етілді. Оның ішінде 315 теңгені құрайтын 104 жеңіл көлікпен 450 000 -650 000 теңге аралығындағы ауыр жүк көлігіне арналған сертификаттар»,- деді «Оператор  роп» ЖШС компаниясының басқарушы директоры, Рустам Темірбек.


Темір тұлпарды өткізген әр азамат ендігі өз таңдауы бойынша, өтемақыны сертификат түрінде болмаса, қаржылай алуға мүмкіндігі бар. Компания өкілдері сертификат жүйесін дамытуды қолға алыпты. Отандық көлік жасайтын зауыттармен арнайы келісім-шартқа отыра бастаған. Республика бойынша, жобаның екінші кезеңінде 16 ескі машинаны тапсырған азаматтарға 120 жуық сертификат үлестіріліпті. Ескіні өткізуде Павлодар көш басында екен.  Қостанай екінші, Алматы үшінші орынды иемдеген.

«Көлікті қабылдап алғаннан кейін, біз қуаттаушын, керек емес сұйықтықтарды ағызып, дөңгелегін шешіп қысатын құралдың астына апарып қоямыз. 730 машинаны өзім қабылдадым.Бір күннің ішінде 15 көлікті алып үлгереміз.Ал, қоқысты үгітетін көлік айына бір рет келіп тұрады. Күнде 60 темір тұлпарды пресстейміз»,- деді «Оператор роп» ЖШС аймақтық менеджері, Мүслім  Битенов.

Ескі көлікті өткізу еш қиындық туғызбайды. Бастысы жүргізушіге арнайы  анықтама қағазы мен банкте ашылған шот нөмері қажет. Егер, машинаның егесі өзі тапсырмайтын болса, онда сенім хат керек болады.