Елімізде генетикалық өзгертілген өнімдерден қорғаныс тетіктері жасала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде генетикалық өзгертілген өнімдерден қорғаныс тетіктері жасала бастады

Елімізде генетикалық өзгертілген өнімдерден қорғаныс тетіктері жасала бастады

Ғаламдық экологиялық қордың "Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ҚР Ұлттық құжат" жобасын жасау жөніндегі жобасы ҚР мемлекеттік мекемелері және ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе отырып еліміз рыногін генетикалық өзгертілген өнімдерден қорғау тетіктерін жасай бастады.

  • 15 Тамыз 2003
  • 1316
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жоба үйлестірушісі Ерлан Жұмабаев қазақстандық қатысушыларға арналып 15-тамызда Алматыда басталған семинар барысында хабарлады.

Семинардың басты мақсаты- Қазақстандағы биологиялық түрлердің азаю қаупінен қорғану концепциясының жобасын жасауға, сондай-ақ, Қазақстанға генетикалық өзгертілген өнімдер әкелуге және оны пайдалануға бақылау қою жүйесін қалыптастыруға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан қазір еліміз аумағына осындай өнімдер мен оларды өңдеу өнімдерін заңсыз әкелуден іс жүзінде мүлдем қорғалмаған. Өйткені, Қазақстанда генетикалық өзгертілген өнімдердің тасымалына бақылау қоюдың қандай да бір жүйесі қалыптаспаған, осындай функция мен жауапкершілік жүктеген мекеме деген атымен жоқ, аталмыш рынокті реттеуге қабілетті заңдық негіз жасалмаған, қала берді тіпті генетикалық өзгертілген өнімдерді анықтай алатын зертхана да жоқ.
Соған қарамастан, ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің ғылыми департаменті жер басқармасының төрайымы Баян Әлімғазинованың пікірінше, дайын азық-түлік өнімдерінің құрамына қоспа ретінде енгізілген модификациялық өнімдермен еліміздің әрбір тұрғыны бетпе-бет келуде. Көбінесе шұжық, кондитерлік өнімдер мен жартылай әзірленген өнімдер құрамына қосылатын генетикалық өзгертілген соя бұршағы, крахмал мен жаңғақтар, сондай-ақ, модификациялық жүгері тұтынылады. Өнімнің мұндай түрлерінің басым бөлігі елімізге АҚШ пен Қытайдан әкелінуде. Сонымен бірге, мұндай өнімдердің таңбасында генетикалық өзгертілген өсімдіктер қолданылды деп көрсетілмейді.
Министрлік ақпаратына сәйкес, тұтастай алғанда дүние жүзінде өсімдік тектес өнімдердің 40 проценті генетикалық өзгертілген өнімдер. Бір ғана АҚШ-тың өзінде мақтаның 80 проценті, соя бұршағының 50 проценті, жүгерінің 30 проценті генетикалық өзгертілген.
Қ.Жұмабаевтың пікірінше, басты мәселе — генетикалық өзгертілген азық-түлік өнімдерінің денсаулыққа зиянды немесе зиянсыздығы ғылыми тұрғыда нақты дәлелденген жоқ, сондықтан оларды өндірісте асқан абайлықпен қолдану керек.
Келесі жағынан алып қарағанда, әртүрлі биологиялық организмдердің генетикалық өзгертілген сорттарын шығару — табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті бұзуға қабілетті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында өсімдіктер мен хайуанаттардың генетикалық өзгертілген түрлерін шығарып алуды қатаң бақылауға алу қажеттілігі туындап отыр.
Ұлттық құжат жобасы 2004-жылғы көктемде дайын болып, ҚР үкіметіне ұсынылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар