Жарияланды: 430

Елімізде ГФР елшілігінің қолдауымен саяси жобалардың топтамасы жүзеге асырылуда

Елімізде ГФР елшілігінің қолдауымен саяси жобалардың топтамасы жүзеге асырылуда. 11-желтоқсанда Алматыда Германияның Қазақстандағы елшісі Андреас Кертинг осындай екі жобаның қорытындысы туралы таныстырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандағы ГФР елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Елшіліктен хабарлағанындай, елшілік Қазақстан әйелдерінің белсенділік картасын жасауға қолдау көрсеткен. Еліміздегі түрлі партиялар мен қозғалыстарға мүше болып табылатын әйелдер санын анықтауға бағытталған бұл жобаны "Әйелдердің сайлау блогы" атты бейресми ұйым мүшелері жүзеге асырған. Қайырымдылық бастамалар орталығы жүзеге асырған екінші жоба аясында "Діни ұйымдардың Қазақстан жастарына әсері" деген тақырыптағы зерттеу жұмыстары атқарылыпты. Елшіліктен хабарлағанындай, екі жоба да Қазақстанда азаматтық қоғамдық құрылымды қалыптастыруға бағытталады. Осы тектес жобаларды қаржылық қолдау арқылы елшілік Қазақстандық бейресми үкіметтік емес ұйымдарға қолұшын бермек ниетте. ГФР үкіметі биылғы жыл бойына бірқатар саяси жобаларға қолдау көрсетті. Бөлінген гранттардың жалпы көлемі 38 мың евроға жетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін